«Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру»

«Региональное развитие и восстановление северной части Аральского моря»

Мемлекет басшысы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі грантының тартылған қаражаты есебінен «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру» жобасының (бұдан әрі-ТЭН) техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Жобаның мақсаты – Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сумен қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің дельтасын қалпына келтіру, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатының жайлылығын жақсарту, Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Арал ауданының балық шаруашылығының тұрақты және берік дамуына қол жеткізу.

Жоба келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:

- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын жақсарту;

- Арал теңізінің түбінен тұз шөгінділерінің шығарылуын азайту;

- Солтүстік Арал теңізінің су ресурстарын экологиялық басқаруды жақсарту;

- балық өнімдерін ұдайы өндіру мен қайта өңдеуді қолдау арқылы балық шаруашылығын дамыту.

Жобалық ұйым Сырдария өзені бойынша су ағыны мен су балансын зерттеу, САТ деңгейін арттырудың барлық нұсқалары үшін экологиялық әсерді талдау негізінде бірқатар жобалық шешімдер қабылдады.

Ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, жұртшылықтың, жергілікті халықтың қатысуымен ТЭН-ді қарау және талқылау бойынша бірқатар кеңестер өткізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Н.Нұржігітовтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Сенат, Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен жобалаушылар, су шаруашылығы саласының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың ардагерлері Арал ауданы мен Арал қаласының жергілікті тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесулер қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сондай-ақ Сырдария өзені бассейнінің су балансын ұзақ жылдар бойы байқауды және экономикалық орындылығын ескере отырып, жобалау ұйымын талқылау қорытындысы бойынша Көкарал бөгетін 44 м БЖ белгісіне дейін ұлғайту бойынша ТЭН-ді одан әрі әзірлеу тапсырылды.

Бұл нұсқа құны мен іске асыру мерзімі бойынша оңтайлы болып табылады.

2025 жылғы 11 сәуірде ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитеті мен YEKOM Consulting Engineers-Kazakhstan (Иран) арасында келісімшартқа қосымша келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, техникалық тапсырма бекітіліп, егжей-тегжейлі кесте жасалды.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банктің миссиясы ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында өңірдің су шаруашылығы объектілеріне баруын күтілуде.

Осы ТЭН бойынша оң сараптама алу мерзімі 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.