Топтық су құбырларын салу және реконструкциялау

Жоба жайында

2025 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары сатысында тұрған 8 жобаны аяқтау және 5 жобалау-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда.

Сондай-ақ, қосымша қаржыландырудың қолдауымен ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 3 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Күтілетін әсер.

2,1 мың шақырым су құбырын салу жоспарлануда, бұл 420 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 67 елді мекенде халықтың жалпы саны 162 мың адамды орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу жүзеге асырылады.