Комитет төрағасы А.А. Жақанбаев министр Н.М. Нұржігітовпен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Сапар аясында Шу ауданында жүзеге асырылып жатқан ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.
 
Атап айтқанда, биыл жалпы ұзындығы 69,7 шақырымды құрайтын 15 каналдың реконструкциясы аяқталып, олардың бойына 240 гидротехникалық құрылыс орнатылды. Сондай-ақ 55 бақылау ұңғымасы бұрғыланды. Қазіргі уақытта аталған нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
 
Іссапар барысында жергілікті тұрғындармен және мердігер ұйым өкілдерімен кездесулер өткізіліп, жобаларды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.