"Қазсушар" РМК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 (мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2, эл. поштасы: kense@qazsu.kz, сайт: qazsu.kz, телефон +7 (7172) 72-52-70 (117) )

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Келесі мамандықтар бойынша жоғары білімінің болуы: «су ресурстары және су пайдалану», «мелиорация», «рекультивация және жерді қорғау», «гидрология», «су шаруашылығы», «гидрометеорология», «құрылыс», «гидротехникалық құрылыс  және құрылысжай», «гидромелиорация», «гидрогеология және инженерлік геология», «ауыл шаруашылығы құрылысы», «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «сумен жабдықтау және кәріздендіру», экономика, бизнес және басқару және кәсіпорын бейініне сәйкес қызмет саласындағы басшы лауазымдардағы мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Функционалдық міндеттері: Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, кадрлық және қаржылық мәселелерді шешеді, кәсіпорынның су шаруашылығы құрылысжайларының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, кәсіпорынның жоспарлы көрсеткіштерін бақылайды және орындайды. Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес айқындалатын кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды дайындау және мемлекеттік басқару органына енгізу. Кәсіпорын объектілерін салуға және реконструкциялауға, оларды басқаруды жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

        2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

        3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

        4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:

 Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 13 подъезд, 401 кабинет, анықтама телефоны: 87172 74 11 39 немесе эл. мекенжайы: zh.orazalieva@minsu.gov.kz.

Конкурстың өтетін күні мен орны:  Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына» сәйкес өткізіледі.

Конкурс Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты мекенжайы бойынша Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімін бекіткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өткізіледі. (ZOOM қосымшасы арқылы қашықтағы бейнебайланыс арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін).

 

 

Басталу уақыты

08 желтоқсан 2023

Соңғы күні

22 желтоқсан 2023

Өткізу орны

г. Астана, проспект Мангилик ел, дом 8, здание «Дом Министерств»

Оқиға түрі

Конкурс