Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Норма шығару қызметі, превенция және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 26 шiлдеге дейін)

Мемлекеттік орган

Kөліктік бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

350615

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Комитеттің құзыреті шегінде заң, заңнамалық және заңға тәуелді актілер жобаларын, Қазақстан Республикасының заңдарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерін әзірлеуге, оның ішінде, оларды Министрліктің және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда, келісу жолымен қатысу. Комитеттің құзыреті шегінде Министрлік және Комитетке келісуге келіп түскен реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, заңдар, заңнамалық актілер, заң жобаларына және депутаттар бастамашылық жасаған түзетулерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындылары, халықаралық шарттар жобаларын, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу бойынша жұмыстарды жүргізу. Басқарма басшысының тапсырмасы бойынша әзірлеушісі Министрлік болып табылатын заң жобаларының мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратында және Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысу. Комитеттің құзыреті шегінде тұрақты негізде әзірлеушісі Министрлік болып табылатын реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарының, заң жобаларының, заңнамалық актілердің жобаларының, Министрлік бастамашылық жасаған түзетулерді қамтитын заңнамалық актілердің басқа да жобаларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген заңға тәуелді заңнамалық актілерінің жобаларының іске асырылу барысын талдау. Басшылықтың қарауына Комитеттің заң жобалау қызметін ұйымдастыруды жақсарту және тиімділігін арттыру, Басқарманың және тұтастай Комитеттің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Автомобиль көлігі және көліктік бақылау мәселелері туралы Қазақстан Республикасының заңдарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұйғарымдарының жобасын әзірлеу. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және осындай мониторингті Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің жүргізуін үйлестіру. Комитеттің норма шығармашылық қызметіне талдау жүргізу және талдау нәтижелері бойынша оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының сұрауларын, хаттары мен өтініштерін қарауға және оларға құқықтық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету. Комитет төрағасының бұйрығы бойынша Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын комиссиялар жұмысына қатысу. Басқарма міндеттеріне кіретін басқа да қызметтерді іске асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.04.2025 – 22.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30мб

Сұхбаттасу күні

25.04.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1

Анықтама алу үшін байланыс

+7 (7172) 983521