Су көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің қорытындылары

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің міндеттерінің бірі су көлігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
Бақылау мен қадағалауды жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында Комитет 2023 жылға арналған флоттағы апаттылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Бұл жоспар су көлігіндегі қызметтің барлық негізгі бағыттарын қамтитын шаралар кешенін қамтиды: кемелерді тексеру, кеме қатынасы су жолдарын тексеру, заңнама талаптарын бұзушылықтардың алдын алу бойынша сала субъектілерімен профилактикалық жұмыс, қызметтік флотты пайдалану.
Осы іс – шаралар жоспарын іске асыру үшін Ақтау, Құрық және Баутино теңіз порттарында Комитеттің аумақтық органы – Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңіз кемелеріне 231 тексеру жүргізді, оның ішінде: Қазақстан туының астында жүзетін кемелерге 94 тексеру және шет мемлекеттердің туының астында 137 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша 19 ұйғарым берілді.
Кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көліктік бақылаудың аумақтық инспекциялары өзен кемелеріне 469 тексеру жүргізді, соның нәтижесінде 47 нұсқама берілді.
Қазақстанның Қызмет көрсетілетін кеме қатынасы су жолдарының ұзындығы 2104 км құрайды. 2023 жылғы навигацияға көліктік бақылау инспекциялары навигациялық белгілердің бар-жоғын және кеме жүрісінің кепілді тереңдігін тексеру мақсатында 5527 км кеме қатынасы су жолдарын қарады.
Шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін Комитеттің аумақтық органдары шағын көлемді кемелерге 3933 тексеру жүргізді.
Су көлігіндегі бақылау-қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 2023 жылы 944 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 10 млн. 336 мың теңге сомасына айыппұл салынды.