Теміржол және су көлігі

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында орналасқан 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Аталған жоба аясында «Астана-1» вокзалы да қамтылған.

Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және теміржол нысандарында қазіргі заманғы, қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына байланысты «Астана-1» станциясында жолаушылар пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруға уақытша шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, «Астана-1» станциясында жасақталатын жолаушылар пойыздарының аялдауы уақытша тоқтатылды, оның ішінде № 655/656 «Арқалық — Астана-1» жолаушылар пойызы да бар.

Аталған шаралар уақытша сипатқа ие және құрылыс жұмыстары кезеңінде жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңғырту жобасын тиімді жүзеге асыру мақсатында енгізілуде.