Адамдарды ұстау туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің эмблемасы.

2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қ.Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.


Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және Заң және Тәртіпқағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.

ҰҚК баспасөз қызметі