Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 7-тармағында көзделген аккредиттеуге өтініш және өзге де құжаттар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Нұр-сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 31/1 мекенжайы бойынша ұсынылады.
Қосымша ақпаратты 76-44-27 телефоны арқылы алуға болады.
01 желтоқсан 2020
Нұр-сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 31/1
Хабарландыру