«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функциларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету;
2) Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптар.
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитеті Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметіне заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, Қағидалардың 3 тарауы 2025 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Е. Сағымбаев