Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 50-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Төмен тұрған құрамдағы әскери қызметшілерді не азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Е. Сағымбаев
3034
07 қазан 2023 12:59
07 қазан 2023