

Жедел-іздестіру қызметі
Бұл адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, қылмыстық қол сұғушылықтан қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар жүргізетін жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі.
1) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуеті мен қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға жәрдемдесу;
3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3-1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ қылмыстық іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттарды анықтау;
4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз жоғалған азаматтарды және заңда көзделген жағдайларда өзге де адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесу;
9) қамауда ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген режимді ұстау;
10) күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, қамауда ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.