Континенттік қайраң режимін бақылау

Континенттік қайраң шегінде теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырудың континенттік қайраңдағы тәртібі - континенттік қайраң режимі белгіленеді.
Континенттік қайраң режимі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен белгіленеді.
Континенттік қайраң режимінің негізгі мақсаты континенттік қайраңның табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге байланысты қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.
Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 25 тамыз 2026"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 34 (6220) басылымы
- 13 мамыр 2026"Шекарашы" журналы"Шекарашы" №2 (143) басылымы
- 13 мамыр 2026"Отан Сақшысы - Часовой Родины" газеті"Отан Сақшысы - Часовой Родины" № 19 (6205) басылымы
