Артқа

Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты

Жалпы ақпарат, білімі

1967 жылы 11 қазанда туған.

Үш бала тәрбиелеп отыр.

Қазақ политехникалық институты (1992 жыл);

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2007 жыл);

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі (2021 жыл).

I және II дәрежелі «Даңқ» ордендері, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР МКҚ және ҰҚК құрметті қызметкері болып табылады.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Мансап

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасы.