Үкіметтік байланыс қызметі

Қызмет

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік органдарында, ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында басшылықты және үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету мен шифрлау жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасында үкіметтік байланысты қамтамасыз ететін уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы шифрлау қызметінің орталық органы болып табылады.

Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.