Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық шарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.