Сыртқы барлау қызметі

Қызмет

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын және үйлестіретін ведомствосы болып табылады.

Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

 


 

«Біздің мақсатымыз - еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін сыртқы қатерлерден қорғау және стратегиялық артықшылықтар жасау»

 

 

Жұмабаев Марат Қабиденұлы

ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары - Сыртқы барлау қызметінің Директоры,
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры

 

Мақсат және міндеттер