Астана мен Бурабай курорты арасында бесінші электрпойызы іске қосылды

Астана мен Бурабай курорты арасында бесінші электрпойызы іске қосылды

Астана мен Бурабай курорты арасында бесінші электрпойызы іске қосылды   Тәуелсіздік күніне орай №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» бағытындағы жаңатуристік электрпойызы іске қосылды. Отандық«ЗИКСТО» зауытында өндірілген бұлэлектрпойыз сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи стандартына сай келеді.   Пойыз 6 заманауи вагоннан  тұрады, жалпы сыйымдылығы – 574 жолаушы, аралық аялдамасыз жүреді. Жол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды. Қазіргі таңда Астанадан Бурабай курорты бағытына бес пойыз қатынайды:   - №6829/6830 «Астана-Көкшетау» — күнделіктіжүреді, 17 аралық аялдамасы бар. Жол жүрууақыты: 3 сағат 28 минут.   - №7507/7508 «Астана-Көкшетау» — күнделіктіжүреді, 3 аялдама. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут.   - №7553/6811-6812/7556 «Астана-Бурабайкурорты» — демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) қатынайды, аялдамасыз. Жол жүрууақыты: 2 сағат 35 минут.   - №7509/6805-6806/7510 «Астана-Бурабайкурорты» — аптасына екі рет (жұма жәнежексенбі) жүреді, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 50 минут.   - №7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» — күнделікті (сейсенбі мен сәрсенбіден басқа) қатынайды, тікелей маршрут, аялдамасыз. Жол жүру уақыты: 2 сағат 26 минут.     Мемлекет басшысының елдің туристік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі теміржол жолаушылар тасымалында жаңа мүмкіндіктер жасауды жалғастыруда.