ҚАЗАҚСТАНДА 2024 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІМЕН 240 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ЖҮК ТАСЫМАЛДАНДЫ
Биыл жыл басынан бастап Қазақстанда темір жол көлігімен 244,8 млн тонна жүк тасымалданды. Атап айтқанда, ел ішінде 140 млн тонна, ал экспортқа 67 млн тонна жөнелтілді. Ел ішіндегі тасымалдың өткен жылға қарағанда 1,9% - ға өсуі байқалады.
Тас көмірді тасымалдау 83 млн тоннаны құрады, оның 57,2 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды, экспортқа 25,8 млн тонна қатты отын шығарылды.
Астық жүктерін тиеу 7,8 млн тоннаны құраса, оның 5,9 млн тоннасы экспортталды. Ал ел ішінде тасымалдау 1,9 млн тоннаны құрап, өткен жылға қарағанда 15% - ға ұлғайды.
10 айдың ішінде мұнай жүктерін тиеу 2,3% - ға өсіп, 16 млн тонна болды. Қара металдарды тасымалдау 3% - ға артып, 3,7 млн тоннаны құрады. Темір кені мен марганецті тиеу 1,4% көрсеткішімен 17,6 млн тоннаға дейін, түсті кенді тиеу – 9,8% - ға және 20,6 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Қазан айында жүк тасымалының жалпы көрсеткіші 27 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% - ға жоғары. Сондай-ақ, астық тасымалы 34% - ға, ал көмір 1,1% - ға өсті.