Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттауға жіберу үшін білім беру ұйымы педагогтердің, әдіскерлердің, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының біліктілік бағалауын портфолионы қарау арқылы жүргізеді.
Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді.
Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді.
Біліктілік санатын арттыру кезінде - жалпы негізде өтеді.
Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар, сондай-ақ ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санатты педагогтер "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысқан кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді.
"Педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде өтеді.
Барлық лауазымдардың педагогтері "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санатын растау кезінде ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерін екі реттен артық емес кешенді жалпылаудан өтеді.