Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті көрсетілетін қызметтерді бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруді бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру; Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бағалау жүргізу; Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік сатып алу жоспарларын және тиісті бюджеттік бағдарламаны, Министрліктің стратегиялық жоспары мен бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ Басқарма құзыреті шегінде олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Басқарма құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және Мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беру; мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша; оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын ережелерді әзірлеуге қатысады.; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісуге қатысу. Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын; Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеуге қатысады. Жұмыс топтарына, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге, көрмелерге, іссапарларға және т.б., халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда АКТ дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Құзыреті шегінде салалық және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады; мемлекеттік / салалық / кешенді / өңірлік бағдарламаларды қарау және келісу; Операциялық жоспар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша стратегиялық жоспар бойынша ай сайынғы/ тоқсан сайынғы/ Жыл сайынғы есептерді, құзыреті шегінде, сондай-ақ тапсырмаларға, бұйрықтарға және т. б. сәйкес өзге де салалық/ мемлекеттік бағдарламаларды ұсыну. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарына ұсыныстар қалыптастыруға қатысады..

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.09.2022 – 12.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2022

Сұхбаттасу орны

посредством дистанционного средства видеосвязи

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-27

8-747-383-14-06