Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2023 жылғы 7 қарашаға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

225495

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; Электрондық нысанда және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу; Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Елбасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Рспубликасы Премьер-Министр Кеңсесінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды қамтамасыз ету және Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша шараларды қабылдау; мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын дамату және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарлату және оларды көрсету процесстерін дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік қызметтердің сапа стандарттарының деңгейін жоғарлату үшін кемшіліктерді анықтау мен ұсыныстарды жинау мақсатында мемлекеттік қызметтердің сапасын (қызмет алушылардың пікірін) мониторингілеуді жүзеге асыру; Мемлекеттік қызметтердің көрсету процесстерін жетілдіру үшін халықаралық тәжірибені зерттеу, талдау және оларды қолдану мен енгізу бойынша ұсыныстар беру; бұқаралық ақпарат құралдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты, басқарма құзыреті шегінде заңнамаға түсіндіру жүргізу сұрақтары бойынша өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру; Министрліктің алқа мәжілістеріне, аппараттық жиналыстарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің мәжілістеріне ақпаратты дайындауды жүзеге асыру; құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.08.2022 – 27.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.09.2022

Сұхбаттасу орны

қашықтан бейне байланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

64-91-27

8-747-383-14-06