Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті
Астана қаласы
225495
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
Функционалды міндеттер
"Электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу; "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік органдар ашық деректердің интерент-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды ұсыну форматының тәртібін әзірлеу; Автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты әзірлеу; Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және келісу; Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның іске асырылуын қамтамасыз ету. Ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және ұсыныстар енгізу; Жобалар бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Ақпараттандыру саласындағы әдістемелік материалдарды және ұсыныстарды әзірлеуге; ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу. Өз құзыреті шегінде ақпараттандыру саласындағы жобалардың орындалуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Басқараманың құзыреті шегінде мақсатты индикаторларды, нәтиже көрсеткіштерге жету және Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспардағы іс-шараларды уақтылы орындау жұмыстарын жүргізу. Министрліктің ақпараттандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарлары мен бюджеттік өтінімдерін қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.04.2022
- қашықтан бейне байланыс құралы арқылы
-
8-747-383-14-06
64-91-27