Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 15 қазанға дейін)
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу; ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу; "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін әзірлеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру; Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру аясында мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік корпорацияға, орталық және жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік көмек көрсету; мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту бойынша мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер тізіліміне және өзге нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шаралар қабылдау; мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын әзірлеу мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқарма және мемлекеттік корпорация қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын қарау және келісу; мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде болған өзгерістер туралы басшылығын уақтылы хабардар ету; мемлекеттік корпорацияда пилоттық қызметтердің іске қосылуы бойынша іс-шаралар жоспарын жасау және ұсыныстар енгізу, мемлекеттік корпорацияда іске қосылатын қызметтер туралы орталық мемлекеттік органдарды, жергілікті атқарушы органдарды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, мемлекеттік корпорацияны хабардар ету; мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарының уақтылы әзірленуіне және бекітілуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік корпорация қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сауалдарын қарау; министрліктің алқа мәжілістеріне, аппараттық кеңестеріне ақпараттар дайындауды жүзеге асыру, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, ақпараттарды, есептерді, басқа құжаттарды дайындауға қатысу; жұмыс топтарына, жиналыстарға қатысу; мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссия қызметінің ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру; бір өтініш негізінде электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін ұлғайтуды қамтамасыз ету; электрондық нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша және мемлекеттік корпорация арқылы нормативтік құқықтық актілердің жобасын даярлау; электрондық нұсқада және мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау; көрсетілетін қызметті алушы үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту (мемлекеттік қызметтерді көрсетуде эксаумақтық қағидат енгізу, мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін қысқарту); Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.04.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
64-91-27
8-747-383-14-06