Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруТыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын (Сүзгіш газқағарларды) тексеру "сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-IV (бұдан әрі – "аккредиттеу туралы" ҚРЗ) және "техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Заңдарына, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен бекітілген "Жеке қорғау құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес реттеледі. Анықтама үшін: көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге "Әділет"Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне еркін қол жеткізу орналастырылған. Бұл ретте, көрсетілген қызмет түрін жеке қорғану құралдарын зертханалық сынау саласында аккредиттелген ұйымдар жүзеге асырады (5.14-тармақ). Кеден одағының "жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы"техникалық регламентінің 5-тарауы). Аккредиттеу аттестатын "аккредиттеу туралы" ҚРЗ сәйкес Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган береді. Осыған байланысты басшылық құжаттар, жабдыққа қойылатын талаптар және қызметкерлердің біліктілігі туралы неғұрлым толық ақпарат, сондай-ақ Сүзгіш газқағарларды тексеруді жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарын алу үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жүгінуді ұсынамыз.