Экономика және қаржы басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Астана қаласы
273155
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамасын, анықталған тестілеу бағдарламасы,«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу
Функционалды міндеттер
Жалақының есептелуін тексеру және мерзімінде төленуін қамтамасыз ету, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру, салықтық, статистикалық есеп беруді құрастыру. Қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер бойынша берілген рұқсаттар шегінде міндеттерді қабылдауға бақылауды жүзеге асыру. Қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатқа сай, бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру. Кезекті қаржылық жылға бюджеттік өтінімдер әзірлеуге қатысу. Белгіленген мерзімде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті құруды және ұсынуды қамтамасыз ету. Қаржыландыру жоспарын және оларға есептеулерді құру және оны Комитеттің басшылығымен келісу. Жауапты сақтауда тұрған құндылықтардың есепке алынуы мен бүтіндігі мәселелері жөнінде материалдық жауапты тұлғаларға нұсқама өткізу. Есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша ережелердің, нұсқаулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың, бухгалтерлік қызметтердің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттардың жүйелі түрде есепке алынуын қамтамасыз ету. Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.02.2023
- Астана қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2
-
87172235603