Заң басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4 (1 бірлік), негізгі қызметкердің 2023 жылғы 7 желтоқсанға дейін бала күтімі бойынша демалысы уақытына
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының заңнамасын, анықталған тестілеу бағдарламасы,«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу
Функционалды міндеттер
Сотта, сондай-ақ, басқа да ұйымдарда Комитет қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Комитеттің мүдделерiн бiлдiру. Сот шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргiзу. Заңдардың, Үкіметтің қаулылары мен өкімдерінің және басқа да нормативтік актілердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ, көрсетілген актілерді заңнамада белгіленген тәртіппен келісу, қол қою және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа мемлекеттік органдарға енгізу. Халықаралық ынтымақтастық саласындағы іс-шараларды іске асыру. Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.02.2023
- Астана қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2
-
87172235603