"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі еңбек жағдайларын және еңбекті қорғау басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын іске асыру, жоғары тұрған басшылықтың өкімдерін уақтылы орындауды қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, Комитеттің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік еңбек инспекторларына әдістемелік көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға жол бермеу. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2025 – 20.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-36-33