«Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасына пресс-релизі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2025 жылғы 10 ақпанда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.