2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан бақылау субъектілеріне (нысандарына) бару арқылы профилактикалық бақылау жұмысы жүйелі түрде жүргізілді.
Есепті кезеңде әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға бару арқылы 57 профилактикалық іс-шара өткізілді.
Профилактикалық бақылау барысында еңбек құқықтарының сақталуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау, еңбек қатынастарына қатысты құжаттардың дұрыс жүргізілуі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс берушілерге ықтимал заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар беріліп, еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Бақылау субъектісіне бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты — бұзушылықтардың алдын алу, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ еңбек құқықтарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Аталған бағыттағы жұмыс 2025 жылдың екінші жартыжылдығында да жалғасын тауып, жоғары еңбек тәуекелі бар салалар мен кәсіпорындарды қамту арқылы жалғасатын болады.