«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда (бұдан әрі – Нысан):
кіріспенің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері.»;
Нысан қосымшасының:
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленіп, «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне дейін ай сайын ұсынады.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
А. Ертаев |