Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Павлодар облысы

Санат

C-R-5 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

135 336

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсібі білім: есеп және аудит (бухгалтер); құқық мамандығы бойынша  (заңгер).

Функционалды міндеттер

Бюджетке салықтар мен өңдірістік емес төлемдердің толық және уақытында түсуін қарастыратын заңнаманың сақталуына бақылау жасау; бюджетке түсімдердің уақытында және толық толық түсуін қамтамасыз ету мақсатында уакілетті органдармен жұмыс жүргізу; бөлімге бекітілген бюджеттік кодтар классификациясы бойынша алдағы мерзімде бюджетке түсетін болжам көрсеткіштерін құрастыру; уәкілетті органдарды тексеру; өңдірістік емес төлемдерді әкімшілендіру; барлық өңдірістік емес төлемдер бойынша бюджетті болжау, артық төлемдерді, берешектерді өңдеу; жекелеген мәселелер бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу; Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзу туралы өтініштер, хабарламалар және басқа ақпарат негізінде  тексеріс жүргізу; бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету; Е-өтініш біріңғай платформасы бойынша азаматтардың сұраныстарын қабылдау және өңдеу; салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге қатысты әкімшілік материалдарды ҚР ӘҚКо және басқа заңнамалық актілермен сәйкес уақытында құрастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2022 – 13.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2022

Сұхбаттасу орны

г. Павлодар ул. Пл. Победы 5А

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7182) 32-13-31,факс 8 (7182) 32-35-69