«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазыбек би атындағы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ –ің жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзімінде 06.04.2023 жылға дейін, негізгі қызметшінің көрсетілген мерзімнен ерте шығу құқығымен (ОАКН-5-6, C-R-4 санаты, 1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Ортадан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім "Бизнес, басқару және құқық" (қаржы, банк және сақтандыру ісі (бұрын мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)), менеджмент және басқару - менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), - маркетинг (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

ҚҚС бюджетке дұрыс есептеуді, толық және уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті салық төлеушілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді. Салық салынатын базаны ұлғайтуға бағытталған жұмыстың неғұрлым тиімді әдістерін айқындау мақсатында деректер жинауды жүргізеді және қосылған құн салығы түсімдерінің серпінін зерделейді. Салық төлеушілердің экономикалық, қаржылық мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды және ҚҚС бойынша салық есептілігі нысандарын камералдық бақылауды бақылайды. ҚҚС бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау бойынша қойылған хабарламаларды пысықтайды. ҚҚС бойынша дебеттік сальдоны пысықтайды. Салық, статистикалық декларация нысандарын және Кеден одағы шеңберінде жанама салықтар бойынша салық төлеушілерден өтініштерді қабылдайды және өңдейді, оның ішінде электрондық тасығыштарда. Кеден одағы шеңберінде бюджетке жанама салықтардың есептелуін және түсуін есепке алуды, өңдеуді және камералдық бақылауды қамтамасыз етеді, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылайды. Есептелген және төленген салықтарға (акциздерге) талдау жүргізеді, қызметін бағалайды, тексеруге іріктеу үшін салық төлеушілер туралы мәліметтерді талдайды. Жоспарлы тақырыптық тексерулерді, сондай-ақ акциздер мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғары тұрған ұйымдарының тапсырмалары бойынша жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша материалдарды ресімдейді, тіркейді және оларды іске асыру үшін береді. Акциз бекеттерінде хронометраждық тексерулер жүргізеді. Салық салу объектілерін тексереді, тексерілетін субъектілерге мониторинг жүргізеді, есептер жасайды. ҚҚС төлемейтін заңды тұлғалардың жабылуына тексеру жүргізеді.Резидент емес шетелдіктердің қазақстандық көздерден алатын табыстарын, сондай-ақ резидент емес шетелдіктердің төлем көзінен ЖТС салуға жатпайтын табыстарын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Кеден одағы елдерінен және Кеден одағына мүше болып табылмайтын елдерден тауарлар импорты бойынша жұмыстар жүргізеді. А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.08.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.08.2022 – 10.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 73 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8-(7212)-44-15-29