ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндіріп алу бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Алматы қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Салық кодексінің 116-120 баптарына сәйкес уақытында орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету; Салық кодексінің 121-128-тармақтарына сәйкес салық қарызын мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау; салық берешегінің, салық төлеушілердің берешегінің, берешек пен міндетті зейнетақы, кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша дебиторлар санының азаюын қамтамасыз ету; жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке тұлғалардан жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық бойынша берешекті азайту бойынша шараларды қамтамасыз ету; салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіру; Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік өндіріс қозғау фактілерін әкімшілік өндіріс бойынша құжат айналым ЭКНА прогаммасына тіркеп енгізу;Ақпараттық есеп құжаттарын БУСЖ АЖО («Бірыңғай Унифициалды Статисткалық жүйесі» Автоматтандырылған жұмыс орны) ҚР ӘҚБК 802, 803, 804 бабтарын деректер қорына енгізу және қою (ф.1-АВ, 1-АП карталарын, хабарламаларды, ҚР ӘҚБК 894 және 895 бабына сәйкес айыппұлды өндіру қаулысын беру уақытын, айыппұлды мәжбүрлеп өндіру қаулысын орындау уақытын, мәжбүрлеп өндірілген айыппұл көлемін толтыру);Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен шарттарының сақталуы; салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша салықтық тексеру актілерін жасау; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы тақырыптық тексерістер жүргізу; Басқарманың құқықтары мен мүдделерін білдіру үшін соттарға қатысу; еңбек және атқарушы тәртіпті сақтау. Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесін (БАСЖ), Салықтық есебін өңдеу жүйесін (СЕӨЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттарын (ОБЖШ), Хабарламаның қойылған реестрі (ХҚР), Бұлтты құжат айналымы (БҚА) бойынша құжаттарды дер кезінде жүйеге енгізу.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (4 грейд)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Айманов көшесі, 191, 410-кабинет
-
8(727)275-48-22, 2750717