Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасы Кедендік бақылау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне16.01.2025 ж. дейін, осы мерзім өткенге дейін негізгі қызметкердің жұмысқа шығу құқығымен), индекс № КӘБ-1-2-3
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Алматы облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Қосымша талаптар
ақпараттық технологиялар
Функционалды міндеттер
Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен кедендік транзит кедендік рәсімін қолдануын және ЕЭО кедендік аумағынан тауарлардың шығарылуына бақылау мен үйлестіру шараларын жүзеге асыру. "Астана-1" ақпараттық жүйесін қолдану арқылы межелі кеден органында кедендік транзит кедендік рәсімін аяқталуы мен тауарлардың ЕЭО кедендік аумағынан шығарылуы бойынша бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Ақпараттық жүйе арқылы статистикалық мәліметтер мен есептіліктерді құрастыру, транзиттік декларация бағандарын дұрыс толтырылғанын тексеру. Уақытша сақтау қоймаларында тауарлар мен көлік құралдарының орналастырылуы мен уақытша сақтау мерзімінің сақталуын бақылау. 1975 жылғы ХЖТ Кедендік конвенциясы бойынша ХЖТ кітапшасын қолдану арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды жүзеге асыру, тасымалданушы мен көлік құралдарына ХЖТ жүйесіне кіруге рұқсаттама беру. Кедендік пломбалар мен мөрлерін қолдана отырып тауар тасымалдайтын көлік құралдарына рұқсат Куәліктерін ресімдеу. Қазақстан Республикасы мен ЕЭО кеден органдарымен тауарлардың жеткізілімі бойынша ақпарат алмасу шараларын жүзеге асыру. Бөлімнің өз құзіреті шегінде кедендік іс саласында орын алған құқықбұзышылықтарының алдын алу, болдырмау және анықтау жұмыстарын жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113
-
8 /7282/ 60 12 40