ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаментінің Ірі салық төлеушілер басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Халықаралық қатынастар
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың Басшысымен анықталған бағыттарға, өз құзыреті шегінде жетекшілік ету; мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтары мен алымдарының түсімдеріне талдау жүргізу; міндеті: Салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге қатысты салық тексерістеріне қатысу және салықтық мониторингісін жүргізу;     мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін әзірлеу; ірі салық төлеушілердің мониторингі бөлігінде салық заңнамаларына өзегрістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу; Салықтық мониторингісін жүргізу тәртібі бойынша түсіндірмелер беру; Нақты салық салу базасын анықтау мақсатында салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жолын жүргізуде салықтық   мониторингісін жүзеге асыру; Қосымша құн салық сомаларын және жергілікті бюджетке түсімдерін қоспағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері есептеу және төлеу бойына ақпараттарды талдау; Комитеттің салықтық тексерулер жүргізу жоспарына енгізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде өңделген ірі салық төлеушілер мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін келісу; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындау мәселелері бойынша ірі салық төлеушілердің мониторингке жататын салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізуіне қатысу; ірі салық төлеушілердің мониторингке жататын салық төлеушілерге салықтық тексерулер жүргізу, соның ішінде салықтық тексеру актілеріне таңдау мониторингін жүргізу бойынша Комитеттің аумақтық органдарының жұмыстарын үйлестіру; ірі салық төлеушілердің мониторингке жататын салық төлеушілер бойынша салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдар бойынша қорытындылар ұсыну; деңгейлес мониторинг туралы келісім нысанын әзірлеу; деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау және бұзу қағидаларын әзірлеу; деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілер санаттарын әзірлеу; стандартты файлдың нысанын және оны жасау қағидаларын әзірлеу; Комитеттің ішкі актілерімен көзделген өзге де міндеттерін орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.03.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.03.2020

Сұхбаттасу орны

010000 г. Нур-Султан пр. Женис , 11

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)709935