Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Ұйымдастыру-құқықтық жұмысы және өндіріп алу бөлімінің басшысы, (№05-1)

Мемлекеттік орган

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

106359 - 142815

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Послевузовское или высшее образование

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар                                                                                        

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жалпы басшылығын атқару және бөлім қызметкерлерінің жұмысын бақылау. Бөлімінің ережесін, бөлімнің жұмыс жоспарын жасау, бөлім қызметкерлерінің арасында лауазымдық міндеттерін белгілеу және бөлу. Бекітілген номенклатура бойынша бөлімге түскен құжаттарды өңдеу. Салық кодексін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, салық төлеушілерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды қарау және бөлім құзіретінде оларға негізделген жауаптар дайындау. Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жалпы ақпараттар дайындау. Салық заңдылығын жетілдіру мақсатында ұсыныстар беру. Мемлекеттік кіріс басқармасының  заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау. Басқармадағы орындалу тәртібінің жағдайына талдау жасау. Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот отырыстарына қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқарманың талап-арыз жұмысын өткізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру. Шешімін таппаған мәселелер туралы салық төлеушілердің өтінішін қарау. Экономикалық тергеу қызметі органдарына беру үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуден әдейі жалтарған істер бойынша материалдарды ресімдеу және қарау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.  Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер департаментіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.  Облыс әкімшілігі мен басқа да мемлекеттік органдардың мәжілісіне, алқасына материалдар дайындау. Орталықтандырылған тапсырмаларды, есеп берулер, ақпараттар мен мәліметтерді орындау. Кадр бірлігін іріктеу,орналастыру, штат кестесін  дайындау. Орындаушылық тәртібінің жай -күйін талдау. Бос лауазымдық орындарға орналастыру  және арнайы тексеруден өту үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.  Кадр жөніндегі жылдық және тоқсандық есептілікті жасау. Іс жүргізуді  ұйымдастыру. Кіріс құжаттары мен шығыс құжаттарын тіркеп және  өңдеп жіберу. Белгіленген мерзімде келіп түскен құжаттардың орындалуына бақылау жасау. Құжаттардың  көшірмесін түсіру және көбейтуді ұйымдастыруды бақылау. Хаттар бланкінің сақталуы мен есебін қадағалау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.03.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2022 – 15.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қапшағай қаласы, Сидранский көшесі, 1

Анықтама алу үшін байланыс

87277 /244115/