Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты «А» функционалдық блогы (1 бірлік - негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалысы уақытына 24.02.2024жылға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы).
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Өз құзіреті шеңберінде салық міндеттемелерінің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсініктемелерді жүзеге асыру, түсіндіру және ұсыну. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру. Халықаралық салық салуға, жер қойнауын пайдаланушылар мен резидент еместерге салық салуға сәйкес салықтық әкімшілендіруді жүргізу, болжамның орындалуына талдау және бақылау жүргізу, сондай-ақ бекітілген Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері бойынша артық төлемдерді пысықтау. Салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны табыс ету. Заңды тұлғалардың салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, қаулы шығару үшін басшылыққа хаттаманы жіберу, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қолдану. Салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық міндеттемелерінің орындалуына камералдық бақылау жүргізу. Камералдық бақылау шеңберінде әкімшілендіру жүргізу. Заңды тұлғаларды оңайлатылған тәртіпте тарату бойынша жұмыс жүргізу. РВУ / ЕХД, РКК хабарламаларын уақтылы және сапалы пысықтау. Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілердің (заңды тұлғалардың) мекенжайлары бойынша салықтық тексерулер жүргізу, бекітілген БСК бойынша пысықтауды уақтылы және сапалы орындау. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапкершілік.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 33
-
7172-95-31-01