ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Жеке кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы
Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Алматы қаласы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Жеке кәсіпкерлердің (мәтін бойынша бұдан әрі – ЖК) арнаулы салық режимін қолдану шарттарын сақтауға бақылау жасайды. Жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексеру, салық салу объектісі болып тіркелмеген салық сөлеушілерге қатысты тақырыбтық рейдтік салықтық тексеру жүргізу, хронометраждық зерттеп-тексеру, актілерін жүргізу және қорытынды жасайды.Салық төлеушінің (салық агентінің) өткізген салық есептілігін, уәкілетті органдардың мәліметтерін, сонымен қатар салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеп, талдау негізінде камералдық бақылау жасайды.Салық қызметі органдарымен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қол қою арқылы қолына береді.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдайды. Ақпараттық мәліметтер базасына 1-АП,1-АВ карточкаларын енгізеді.Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіреді.Салық заңдылықтарын түсіндіруді жүзеге асыру.ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтайды. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасайды. Жүктелген міндеттер мен қызметтердің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, құжаттарды уақытылы және сапалы орындауға, құжаттардың сақталуына және қызметтік құпия болып саналатын ақпараттың жариялануына жол бермеуге тікелей жауап береді. Жетекшілік ететін бюджеттік сынып кодтары бойынша салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін бақылауды қамтамасыз ету. Көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету. Уәкілетті органдармен және Халыққа қызмет көрсету орталығында өдірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша өзара іс- қимыл жасау. Өндірістік емес төлемдер бойынша камералдық бақылауды жүзеге асыру.Өз құзыреті шегінде тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді жоғарғы тұрған органға тапсыру.Салық заңнамасын салық төлеушілерге түсіндіру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесі (БАСЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттары (ОБЖШ), Хабарламаның қойылған реестрі (ХҚР), Салықтық есебін өңдеу жүйесі (СЕӨЖ) ақпараттық жүйелеріне мәліметтерін уақтылы енгізеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу жүйесі арқылы 1АВ, 1АП карточкаларын есепке алу құжаттарын орналастыру және енгізу, Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі, және біріктірілген мәліметтер базасы арқылы жұмыстарын ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 2
-
8(727)279-39-38, 8(727)279-28-47, 8(727)279-38-37, факс: 8(727)279-42-24