ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасы басшысының орынбасары (уақытша 30.06.2024 жылға дейін)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын іске асыру, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау: нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын әзірлеу, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты заңнаманың құқықтық талдауын жүргізу (құқық қолдану практикасы бойынша), Қазақстан Республикасының салық, өзінің құзыреттілігі шегінде кеден және өзге заңнамаларын өзінің құзыреттілігі шегінде түсіндіру; өзге мемлекеттік органдардың және ұйымдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуіне қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын қорытындылау, талдау, осындай қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелер қалыптастыру; мемлекеттік органдармен, өзге ұйымдармен, соның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; мемлекеттік кірістер органдарының жалпы қызметіне құқықтық сүйемелдеу бойынша мемлекеттік кірістер органдарының талап-арыз жұмыстарын ұйымдастыру; басқармада басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындауына бақылауды ұйымдастыру басқарма орынбасарының өз құзыреті шегінде.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 010000 Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даң. 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен (ZOOM бағдарламасы)
-
8(7172)709935