Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Есепке алу және талдау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1- бірлік
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Бөлім басшысының тапсырмалары мен қызметтік міндеттерін сапалы және уақытында орындау. Салық кодексіне сәйкес, салықтық құпияның сақталуын қадағалайды, мемлекеттің мүддесін және салық төлеушілердің құқығын қорғайды. Салық төлеушілердің салық өтініштерін орындау, басқа салықтарға немесе басқа ағымдағы шоттарға артық немесе қате төленген сомаларды қайтару/есептеу. Ағымдағы болжам түсімдерін құрастыру. Шет ел валютасымен түскен соммалары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қазынашылық Департаментіне сұраныстар жіберу. Нольдік көрсеткіште ҚҚС қосқанда, ҚР заңнамаларына сәйкес есеп айырысу, артық төленген (қате) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қайтару бойынша қорытынды әзірлеу. Салық төлеушілердің жеке шоттарындағы банктік есеп-қисаптарға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді күнделікті орналастыру, банктік есеп-шоктардағы төлем тапсырмаларына бөлінген сомаларды салыстырып тексеру. Түсініксіз төлемдердегі түсімдерді өңдеуді жүзеге асыру. Жауапты бөлімдердің ұсынған реестрлер бойынша есептеу орналастыруды жүзеге асыру. Есептік шотқа түскен салықтар және басқа да міндетті төлемдерге қайтарылған және түскен соммалардың толықтығына, дұрыстығына, уақыттылығына басқылау жасау. Бюджетке түсетін ірі түсімдер бойынша мәліметті сапалы және жылдам құру. Жүктелген міндеттер мен функцияларды уақтылы және сапалы орындау үшін жеке жауапкершілік етеді
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Ш. Айманов көшесі 6
-
8(7172)54-33-01