ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Қосымша талаптар

Әңгімелесу кезінде ситуациялық және мотивациялық сұрақтар қойылмайды.

Функционалды міндеттер

Заңды тұлғалар, жеке  кәсіпкерлер және жеке тұлғалар бойынша салық есептілігі нысанын қабылдау және өңдеу. Салық декларацияларын ұсынбағаны туралы салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламалар беру. Салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауды және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу шараларын уақтылы қолдануды бақылау. ҚҚС тіркеу және есептен шығару үшін салықтық өтініштерді қабылдауды, өңдеуді бақылау. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық төлеушілердің банктік шоттарын ашу және жабу бойынша жұмыстарды бақылау. Салық төлеушілерді есептен шығаруды бақылау. Салық есептілігін  ақпараттық жүйеге шүғыл және сапалы енгізу. Салық төлеушілердің хаттары мен өтініштерін, жүгіністерін уақытылы қарастыруды жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамалық тәртібінде белгіленіп бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес,  көрсетілетін салықтық қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылау. Жеке кәсіпкерлерді, адвокаттарды, нотариустарды, жеке сот орындаушыларды тіркеу есебіне қоюдың  заңдылығына  және уақытылығына  бақылау жасау. Бақылау-касса машиналарын тіркеу және тіркеу есебінен шығару тәртібін сақтауға бақылау жасау. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес декларацияны қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2021 – 24.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нур-Султан қаласы, Республика көшесі 52 үй 2 қабат, 207 кабинет.

Анықтама алу үшін байланыс

8776-889-06-09

8701-642-66-77