Алтай ауданы - Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-R -4 санаты, №СТЖ-3-8, 1 бірлік
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Шығыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
«БТК бойынша жауапты тұлғаларды бекіту» жөніндегі бұйрыққа сәйкес түсімнің толық түсуі мен артық төленген сомаларға бақылау жасау; бекітілген салықтарды әкімшілендіру мен түсімнің қосымша резервтерін анықтау бойынша шаралар қолдану; салық объектілерін толық есепке алып, салық төлеуге тарту мақсатында уәкілетті органдардың мәліметтерімен жұмыс жүргізу; арнайы салық режимін әкімшілендіру мәселелеріне бақылау жасау, арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің есебін жүргізу; жеке тұлғалардың салық объектілері бойынша есеп жүргізу, салығын есептеу, салық міндеттемелерін орындауына бақылау жасау; жеке тұлғаларды мүлік, жер ,көлік салығын төлеу мәселелері бойынша қабылдау, сондай-ақ жеке тұлғаларға есептелген салық сомасы жөніндегі, салықтық берешек жөніндегі хабарламаларды тапсыру; салық төлеушілердің салық есептіліктеріне камералдық бақылау жүргізу, дербес шоттарындағы өткізілімдердің негізділігіне түгендеу жүргізу, Кеден Одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру; салықтық–құқықтық қатынастардан шығатын бірінші; екінші инстанциядағы азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша соттарға қатысу; белгіленген есептіліктердің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, мемлекеттік кірістер басқармасы басшылығының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасап, уақытында табыс етілуін жүзеге асыру; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсіндіру жұмысына қатысу; заңды және жеке тұлғалардың жүгінулерін мерзімінде және сапалы қаралуы қамтамасыз ету; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; өз құзырының шегінде мемлекеттік және қызметтік құпиясы бар ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жүргізу; ақпараттық қауіпсіздікті сақтау; сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша шаралар қолдану; мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексін, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.08.2021
- индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 үй, Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
8(7232) 24-46-25, 61-11-96