Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы (2022ж.16.08. дейін уақытша негізгі кызметшінің бала күту жөніндегі демалыс кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Болжам жобаларын ұйымдастыруға қатысу; жоспар-болжамның нақты және күтілетін орындалуы бойынша есептер мен ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету; кіріс көздерінің түсуін талдау; орындалатын ерекшеліктер сапасының сақталуын бақылау; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды дайындау, құжаттандыруды және іс жүргізуді ұйымдастыру.

Өтініштерді қабылдауды, салықтар мен төлемдердің артық төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуді, салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмені ұсынуды және салық төлеуші есеп айырысуларының жай-күйі туралы анықтама беруді, салық төлеушінің тұрғылықты жері немесе қызметін жүзеге асыру орны өзгерген кезде жеке шоттарды есепке алуды және беруді жүргізеді. Қабылданған СЕНдерді СЕЭН АЖ, ҚҚС АЖ, ЖКЕАЖ қабылдау, тіркеу, енгізу, СЕНнен ақпаратты енгізу регламентін сақтау, салық төлеушілердің дербес шоттарына салық және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ СЕНде көрсетілген зейнетақы жарналарының сомаларын автоматты және жергілікті тарату. Салық төлеушілерге тіркеу сипатындағы құжаттарды қабылдау, өңдеу және беру, тіркеуге және салықтық есептен шығаруға өтініштерді қабылдау, ҚҚС төлеушінің ТЕ қою туралы куәлік беру, АМІ, ЖК қолдануға, банктік шоттарды ашу немесе жабу бөлігінде банктерден ақпаратты қабылдау және өңдеу, мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын үнемі жақсарту.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.08.2021 – 18.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.08.2021

Сұхбаттасу орны

Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 56

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152) 50-00-51, 46-45-07