Өскемен қаласындағы техникалық және материалтанушылық сараптама бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 3 бірлік) №12-02
Орталық кеден зертханасы
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
Функционалды міндеттер
Келесі тауарлар түрлеріне зерттеулер жүргізеді: жеңіл өнеркәсіп тауарларына, резеңке және олардан жасалған бұйымдарға; құрылыс және керамикалық материалдарға; ағаштан жасалған бұйымдарға; қағаз және картон; металлдар мен қорытпаларға (зергерлік бұйымдарды қоса алғанда); бағалы емес металлдар және олардан жасалған бұйымдарға; машиналарға, жабдықтар мен механизмдерге (соның ішінде ауылшаруашылық); жердегі көлік құралдарына, олардың бөліктері (трактор, комбайн, автобустар, жеңіл және жүк көліктері, мототранспорттық көлік құралдары т.б.); электротехникалық құралдар, олардың бөліктері; дыбыс жазатын және дыбыс жаңғыртушы аппаратураға; телевизиялық суреттер мен дауыстарды жазуға және шығаруға арналған аппараттар олардың бөліктері мен жабдықтары; оптикалық, сурет, кинематографиялық, өлшемдік, бақылауға арналған, медициналық немесе хирургиялық құралдар мен аппараттар; әр түрлі өнеркәсіп тауарлары; жүргізілген зерттеудің толыққандылығын және тұжырымдардың дұрыстығын қамтамасыз етеді; сынамалар мен үлгілерді дайындау жұмыстарын жүргізеді, тауарларды, сынамалар мен үлгілерді зерттейді және зерттеу нәтижелерін ресімдейді; кедендік сараптамаға түскен материалдарды сәйкестікке тексереді; кедендік сараптамаға түскен құжаттар бойынша кедендік қарауға қатысады; кедендік сараптаманы жүргізу барысында кедендік сарапшыларға мүмкіндігіне байланысты әдістемелік көмек көрсетеді; сараптамалық құрылымдарымен және Қазақстан Республикасы сараптамалық-зерттеу ұйымдарымен және өзге ұйымдармен өзара қарым қатынасты жүзеге асырады; нормативті құжаттардың актуалдығын қамтамас етеді; кедендік сараптама мақсатында жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті болуын қамтамас етеді; қосымша, қайталама, комиссиялы, кешенді кедендік сараптамаларға қатысуға; бөлімнің жұмысқа қажет деген шығыс материалдарын, құрал – жабдықтарын анықтайды; сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; Бөлімнің кедендік сарапшылар базасын қалыптастырады; жүргізілген кедендік сараптамалар бойынша аналитикалық жұмыс жүргізеді; Бөлімнің қызметтік және іскерлік құжаттарын жүргізеді; ОКЗ басшылары және орынбасарларының, сонымен қатар жоғары тұрған Комитет қызметкерлерінің тапсырмаларын орындайды; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.08.2021
- 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы, 60 (онлайн)
-
анықтама үшін телефондар: 8(7172) 39-65-29, 70-97-97