ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтуге арналған демалысы кезеңіне 26.07.2022 жылға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы), С-R-5 санаты, 1 бірлік.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Салық заңнамасының сақталуын бақылау. Салық заңнамасы саласында салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, хабарлама ұсыну. Жеке кәсіпкерлерді тарату. Салық заңнамасының сақталуын бақылау. Салықтық тексерулер жүргізу. Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен тексерістерге қатысу, ЭКНА жүйесінде жұмыс істеу. Жеке мәселелер бойынша салықтық, тақырыптық тексерулер және хронометраждық зерттеулер жүргізу. Камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау. Салықтық тексеру актілерін жүргізу. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар, ҚР Салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығару. Салықтар бойынша қосымша резервтерді анықтау. Бекітілген БКК бойынша артық төлемді пысықтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нур-Султан қ., Жубанов к-сі,16, 306 кабинет
-
(7172) 37-68-03, 37-56-76