Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы«Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы (1 бірлік, № СТАҚӨжСТО-1-7)

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жұмыс тәжірибесі болған жағдайда «қызмет көрсету, экономика және басқару» (менеджмент (сала және қолдану саласы бойынша), мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы (сала бойынша), есеп және аудит (сала бойынша) (бұрын бухгалтерлік есеп және аудит), экономика  (сала бойынша) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім рұқсат етіледі.

Функционалды міндеттер

Салық төлеушілер - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық есептілігін қабылдайды және өңдейді. Салық төлеушілердің онлайн режиміндегі БКМ фискализациялау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін сақтайды. 2-Н есебін, оған қосымшалар мен түсіндірме жазбаларды жасайды. Жеке кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды, сондай-ақ салық салу объектілерін есептен шығаруды жүзеге асырады. Салық міндеттемелерін орындамайтын салық төлеушілердің банк шоттарын ашуды және жабуды жүзеге асырады. Жеке, заңды тұлғалардан, дара кәсіпкерлерден мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының толық түсуі үшін бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Салық төлеушілерге салық салу бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Хабарламаларды қалыптастыру және шығару бойынша жұмыс жүргізеді. Салық берешегі кезінде салық бұйрықтарын шығарады және жеке сот орындаушыларының органына береді. Қажет болған жағдайда салық төлеушілердің дербес шоттарында есептеуге/азайтуға қорытындылар мен тізілімдер дайындайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартады, анықталған бұзушылықтар үшін анықтамалар, хаттамалар, қаулылар, хабарламалар жасайды. Орталықтандырылған тапсырмаларды, мәліметтерді, ақпараттарды орындайды. ҚҚС өтеуге өтініш берген салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын растайды. Бөлім құзыреті шегінде салық салу мәселелері бойынша салық төлеушілердің хаттары мен өтініштеріне жауап дайындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.07.2021 – 02.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Карағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 9

Анықтама алу үшін байланыс

8-(7213)-41-05-84