Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің Л.М.Даулеткалиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 03.01.2023 дейін)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына басшылық жасау, ұйымдастыру, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдары өкілдерінің сот істеріне қатысуын қамтамасыз ету. Әкімшілік тәжірибедегі және сот жүйесіндегі келіспеушіліктерді талдау. Басқармалардағы заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау және талдау, талап қою, сот практикасын талдау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру. Департамент әзірлеген актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңдық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Қажет болған жағдайларда Департамент атынан Департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелерді дайындау. Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағым жасау бойынша уақтылы шаралар қабылдау, заңды күшіне енген заңды актілерді орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету. Жоғары органдарға ақпараттар мен құжаттардың уақытылы дайындалуын бақылау. Азаматтармен жұмыс жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.07.2021 – 21.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.07.2021

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40