ҚР ҚМ МКК МКД Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жеке кәсіпкерлерді және жеке тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Жеке кәсіпкерлердің (мәтін бойынша бұдан әрі – ЖК) арнаулы салық режимін қолдану шарттарын сақтауға бақылау жасайды.Жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық, рейдтік салықтық тексеру жүргізу, хронометраждық зерттеп-тексеру, тақырыптық тексеру,  актілерін жүргізу және қорытынды жасайды.Салық төлеушінің (салық агентінің) өткізген салық есептілігін, уәкілетті органдардың мәліметтерін, сонымен қатар салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеп, талдау негізінде камералдық бақылау жасайды.Салық қызметі органдарымен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қол қою арқылы қолына береді.Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдайды. Ақпараттық мәліметтер базасына 1-АП,1-АВ карточкаларын енгізеді.Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіреді.Салық заңдылықтарын түсіндіруді жүзеге асыру.ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтайды.Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасайды. Жүктелген міндеттер мен қызметтердің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, құжаттарды уақытылы және сапалы орындауға, құжаттардың сақталуына және қызметтік құпия болып саналатын ақпараттың жариялануына жол бермеуге тікелей жауап береді.Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесі (БАСЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттары (ОБЖШ), Хабарламаның қойылған реестрі (ХҚР), Салықтық есебін өңдеу жүйесі (СЕӨЖ) ақпараттық жүйелеріне мәліметтерін уақтылы енгізеді.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.07.2021 – 19.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.07.2021

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 2, Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8(727)279-39-38, 8(727)279-28-47, 8(727)279-38-37, факс: 8(727)279-42-24,