Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының №1 аудит бөлімінің бас маманы, негізгі қызметкері Қозыбақ Қуанышбек Өмірханұлының бала күту демалысы мерзіміне 11.08.2023 жылға дейін, (С-О-5 санаты)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салықтық тексеру қортындысымен қосымша есептелген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстаудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеудің және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудің түсу толықтығы мен уақытылығын бақылауға алу жұмыстарын жүзеге асырады. Салықтық тексеру нұсқамасындағы көрсетілген салықтық тексеру мерзімінде салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын қадағалайды. Өз қызметін жүзеге асыруда жұмысын  ҚР ҚМ МКК-мен,  Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен, салық төлеушілермен, уәкілетті, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарымен үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2021 – 14.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.04.2021

Сұхбаттасу орны

Түркістан қаласы, Тауке хан көшесі №135 а, 161200, ҚР ҚМ МКК ТО бойынша МКД

Анықтама алу үшін байланыс

8(725-33)2-58-16